Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің № 7 "Радуга" балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты салтанатты ертеңгілік өтті .  "Біз өмірдің гүліміз","Менің Отаным" әндерінде, Қазақстанның рәміздері туралы,туған өлке туралы өлеңдерінде, билер "Алтын күн", "Қазақ биі","Арқан тартыс","Теңге алу" ұлттық ойындарында өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның жетістіктері үшін мақтаныш, жарқын болашаққа деген сенім көрініс тапты. Мерекелік ертеңгілікте орта және жоғарғы топтар қатысты.