5 мамыр күні №7 "Радуга" балабақша-бөбекжайында мектепке дейінгі балалар үшін Жеңіс күніне арналған ашық іс-шара өткізілді. Балалар тақпақ оқып, өлең айтып және сонымен қатар біздің халқымызға оңайшылықпен келмеген Жеңіс тарихымен танысты. Балабақша педагогтары осындай іс-шаралар арқылы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімдерін сіңіріп келеді.

Дәстүр бойынша № 7 "Радуга" балабақша-бөбекжайы тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Балалар тыл еңбеккерлеріне тақпақ айтып, өздерінің салған суреттерін сыйлап және шағын сыйлықтарын табыстады.