4 қаңтар күні «№ 7 Радуга балабақша-бөбекжайы»  КМҚК педагогтары үшін «Жасанды интеллект мектепке дейінгі білім берудің заманауи педагогінің құралы ретінде: мүмкіндіктер және практикалық қолдану»семинар-практикумы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында педагогтар білім беру қызметін жоспарлауда, дидактикалық материалдар жасауда, презентациялар дайындауда және кәсіби құзыреттіліктерді дамытуда ЖИ мүмкіндіктерімен танысты. Практикалық бөлім қатысушыларға заманауи цифрлық құралдарды қолданып көруге және технологияның педагогикалық тәжірибені қалай тиімді толықтыра алатынын көруге мүмкіндік берді. Семинар белсенді талқылау, қызығушылық және кәсіби өсуге ұмтылу жағдайында өтті. Жасанды интеллектті пайдалану мектепке дейінгі білім берудің сапасын жақсарту үшін жаңа көкжиектер ашады және уақыттың қиындықтарына жауап береді.